Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі жаңару мен даму жағдайында. Жаңа мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру қызметінің негізін үлгілік оқу жоспарымен реттелетін тәрбиешінің қызметі емес,бала педогогикалық процестің субьектісі ретінде анықтайтынын атап көрсетеді. Ойын іс әрекетінің біртіндеп күрделене түсетін міндеттері баланың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше алға жылжуына және жетілдірілуіне мүмкіндік береді.Ойын ойын-сауық,демалыс бола отырып,адами қатынастарды шығармашылыққа баули алады.Балаларды ойын арқылы оқыту балаларды дамытып ,ойын,қозғалыс,танымдық,зерттеу,еңбек,эксперименттік іс әрекеттерге бағыттайды.


















